Ссылки доступа

Тәжікстанда қырғыз азаматын жәбірлеп, туыстарынан ақша талап еткен


Қырғызстан азаматы Ақжол Калбаев Тәжікстанда соққыға жығылған. Бұл ақпаратты Қырғызстанның Тәжікстандағы елшілігі растады.

Ақпаратқа сәйкес, «Таджирон» фирмасының қожайыны Набижон Набиев бұрынғы іскер әріптесі Калбаевты Худжанд қаласына шақырған. Калбаев ойланбастан Тәжікстанға аттанады. Оны келе салысымен ұстап, байлап, соққыға жыққан. Туыстарына хабарласып, оны алып кету үшін 23 мың АҚШ долларын талап еткен.

Калбаевтың туыстары Душанбедегі қырғыз елшілігіне хабар берген. Тәжікстанның құқық қорғау органдарының араласуымен Калбаевты 2016 жылдың 30 желтоқсанында босатып, Ошқа жеткізген. Қазір ол ауруханада жатыр.

Қырғызстан азаматын ұстап, зорлық-зомбылық көрсеткен Набижон Набиев пен оның ұлының ұсталғаны хабарланды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG