Ссылки доступа

Стамбулда түркімен азаматын террорист ретінде қабылдап, соққыға жыққан


Стамбулдың тұрғындары Түркіменстан азаматын түнгі клубқа шабуылдаған күдіктілердің біріне ұқсатып, соққыға жыққан деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Саяхатшы қашпақ болған, бірақ жергілікті тұрғындар оны ұстап алып, ұрып-соққан. Кейінірек, саяхатшыны полиция бөлімшесіне жеткізеді. Бірақ ол іздеудегі күдікті болмай шыққан. Сыртқы істер басқармасы түркімен азаматының визасының мерзімі өтіп кеткенін анықтаған. Оны депортациялау туралы шешім шығарған.

Жаңа жыл кешінде түнгі клубта Санта-Клаус киімін киген қарулы адам полиция күзететін ғимаратқа кіріп, адамдарға оқ ата бастаған. Клубта 600-ден астам адам болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, теракті құрбаны 39 адам, олардың 16-сы шетелдіктер. Шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы жауапкершілігіне алды.

XS
SM
MD
LG