Ссылки доступа

Тәжікстандық "Сәләфия" ағымына кіргені үшін 5,5 жылға сотталған


Тәжікстанда Соғды қаласының тұрғыны Абдулло Мухиддинов тыйым салынған "Сәләфия" ұйымының мүшесі болғаны үшін айыпталып, 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның танысы Абдулатиф Хидоятов ақпаратты дер кезінде жеткізбегені үшін 8 айға түрмеге қамалды.

Сот процесі барысында айыпталушы исламның бұл ағымына Ресейде 2012-2014 жылдары еңбек миграциясында жүрген кезінде кіргенін мойындаған. Ол кавказдықтарға еліктегенін айтқан. Ресейде жүрген екі жыл ішінде ол сәләфия ағымының талаптарын ұстанған.

Судья Джалолиддин Азизи Мухиддиновті "Сәләфия" негізінде құлшылық етіп қана қоймай, жерлестеріне оның идеясын таратқан.

Судьяның сөздерінше, Мухиддинов жихаз цехында жұмыс істеп, ондағы әріптестеріне салафизм ережесі бойынша намаз оқуды үйреткен. Судья сонымен бірге айыпталушы кінәсін толық мойындағанын, бірақ ешқандай экстремистік әрекетке бармағанын баяндаған.

Абдулло танысы Абдулатифпен бірге 2016 жылдың күзінде ұсталған. Оған қатысты сот үкімі желтоқсан айында шыққан.

XS
SM
MD
LG