Ссылки доступа

Измирдегі жарылыстан 2 адам қаза тапты


Түркияның Измир қаласында сот ғимаратында болған жарылыстан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланған. Рейтер агенттігінің жазуынша, ақпаратты Измир губернаторы хабарлаған.

Оның ақпараты бойынша, автоматпен және гранатамен қаруланған шабуылдаушылар полициямен атысқан, осыдан кейін мина орнатылған көлікті жарып жіберген. Екі адам мерт болған, бесеуі зардап шеккен, олардың біразының жағдайы өте ауыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, полицейлер екі шабуылдаушыны өлтірген. Біреуі бостандықта.

Жарылыс жасағандардың кім екені әрі олардың мақсаттары не болғаны әзірге белгісіз.

Стамбулда 1 қаңтарға қараған түні Reina түнгі клубында атыс болды. Белгісіз адам ғимаратқа кіріп, автоматты қарумен жүздеген адамға қарсы оқ жаудырған. 39 адам қайтыс болып, 65-і жараланған. Бұл шабуылда "Ислам мемлекеті" террористік тобы жауапкершілігіне алды.

XS
SM
MD
LG