Ссылки доступа

АҚШ бен Ладеннің ұлын терроршылар тізіміне қосты


АҚШ ""Әл Қаида" террорлық желісінің негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлын қара тізімге қосты.

АҚШ Мемлекеттік департаменті мен қаржы министрлігінің хабарлауынша, Хамза бен Ладенге халықаралық іздеу жарияланды. Оның әкесі - Усама бен Ладен 2011 жылы Пәкістанда америкалық арнайы операция кезінде өлтірілген еді.

Былтыр шілде айында Хамза бен Ладеннің аудиотаспасы жарияланды. Онда ол әкесінің өлімі үшін АҚШ-тан кек алатынын айтып, Вашингтонды мұсылмандарды тысқырды деп айыптады.

Сарапшылар Хамза бен Ладен "Әл Қаида" ұйымын басқаруға дайындалып жүрген болуы керек деп болжаған еді.

XS
SM
MD
LG