Ссылки доступа

Қазақстанда уақытша тіркеуге тұру міндеттеледі


Енді әрбір қазақстандық тұрғылықты мекенінен басқа жерде бір айдан астам уақыт тұратын болса, Халыққа қызмет көрсету орталығында 227 теңге баж салығын төлеу арқылы уақытша тіркеуге тұруға міндетті.

Ережені басқа қалада жұмыс істейтіндер ғана емес, басқа қалаға ұзақ уақыт емделуге барғандар да сақтауы керек. Ем қабылдаушыларды емдеу мекемесінде тіркейді. Тіркелмеген жағдайда, бұл азаматтарға жеті АЕК - 16 мың теңге айыппұл салынады.

"Азаматтарды уақытша тұру мекені бойынша тіркеу бұрын да жүргізілген, бірақ ол үкімет қаулысы негізінде жүзеге асып келген. Енді бұл тәртіп заң жүзінде бекітілді. Қазір көші-қон туралы заңда "уақытша тұру мекені" деген түсінік енгізілді және уақытша тұру мекені бойынша тіркелу міндеттеледі", - деді ІІМ көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сәрсенова.

Ол уақытша тіркелу азаматтардың еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді деп есептейді. Көптеген мемлекеттер халық санағын осылай жүргізеді, экономикалық және әлеуметтік саясатты жоспарлау соған байланысты, дейді Галина Сәрсенова.

Айыппұл уақытша тіркелмегендерге ғана емес, пәтерді жалға берушілерге де салынады.

XS
SM
MD
LG