Ссылки доступа

Кәрімов пен Мирзияев 2016 жылдың халықаралық өміріндегі басты тұлғалар тізіміне енді


Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов және мемлекет басшылығына жаңадан сайланған Шавкат Мирзияев 2016 жылдың халықаралық өміріндегі 40 тұлғаның тізіміне енді. Тізімді Барселона Халықаралық қатынастар орталығы (CIDOB) жариялады.

Жыл сайын әзірленетін мұндай тізімге ерекше есте қалған саясат және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар кіреді.

Тізімді дайындаушылар "көрнекті мемлекет және саяси қайраткер Ислам Кәрімов жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушысы болды және КСРО ыдыраған соң Өзбекстанның аяқтан тұруына үлкен рөл атқарды" деп сипаттады.

CIDOB сарапшылары Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияевтің президенттік сайлауда шамамен 90 пайыз дауыс жинап, жеңіске сенімді түрде жеткенін атап өтті. Мирзияев басқарған уақытта Өзбекстанның сыртқы саясатынан көптеген жаңа үрдістер күтуге болады, деп есептейді испан мамандары.

Бұл тізімде былтыр дүниеден озған кубалық басшы Фидель Кастро, сондай-ақ АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бар.

XS
SM
MD
LG