Ссылки доступа

АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйдегі жұмысын қорытындылады


АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, ол билік құрған уақытта ел дамуының жаңа негізі қалыптасты. Обама екі мерзім билікті басқаруын осылай қорытындылады.

"Менің өмірімдегі басты нәрсе - сіздердің президенттеріңіз ретінде қызмет ету болды. Билікті тапсырып, қарапайым азамат атанбастан бұрын, мен Американың жаңа іргетасын қаладық деп мақтанышпен айта аламын", - деп мәлімдеді Обама. "Жарқын күндер әлі алда", деп үміттенеді президент.

Обама жолдауында өз тобының жетістіктерін тізіп айтты. Елдің экономикалық жағдайының түзелгенін, жаңа жұмыс орындары бірнеше айдан бері толассыз құрылып жатқанын атап өтті.

АҚШ президенті "Әл Қаида" террорлық тобының басшысы Усама бен Ладеннің көзін жойғанын, Ирактан әскерді шығарғанын, Ауғанстанды бақылауда ұстау мерзімін қысқартқанын айтты.

Сыртқы саясат туралы сөз болғанда, Обама Кубамен қарым-қатынас түзелгенін ерекше атап өтті.

XS
SM
MD
LG