Ссылки доступа

Астанада билік құзыретін қайта бөлу тобы құрылды


"Мемлекеттік билік тармақтарындағы құзыретті қайта бөлу мәселелері жөніндегі" жұмыс тобын президент әкімшілігінің жетекшісі басқарады. Осындай жұмыс тобын құру туралы жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған, деп хабарланды Қазақстан президенті әкімшілігінің сайтында.

Жұмыс тобы құрамына депутаттар, үкімет өкілдері, Жоғарғы сот, бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер және ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері енді.

"Елдегі жағдайға парламент пен үкіметтің жауапкершілігін" күшейту үшін Конституцияға өзгеріс енгізу туралы ұсынысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы 15 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жиында мәлімдеген еді.

Қазақстан Конституциясында Нұрсұлтан Назарбаевтың президент сайлауына қатысуына шектеу жоқ. Ата заң Назарбаевқа "ұлт лидері" мәртебесін берді. Ол бойынша, президент қызметінен кеткеннен кейін де Назарбаев қандайда бір жауапкершілік үшін қудаланбайды.

XS
SM
MD
LG