Ссылки доступа

Ақтау соты мұнайшылардың аштық акциясына тыйым салды (видео)


Ақтау қалалық соты Oil Construction Company (OCC) мұнай сервистік компаниясының аштық жариялаған жұмысшыларына қатысты талаптарының көбін қанағаттандырды. Мұнайшылар тәуелсіз кәсіподақты сақтап қалу үшін аштық акциясын жариялаған еді.

Ақтау қалалық № 2 соты мұнайшылардың аштық акциясын заңсыз деп таныды. Сот наразылық акциясына қатысушылардан компанияның Ақтаудағы ғимаратын тез арада босатуын талап етті. Сотқа журналистерді жіберген жоқ. Соттағы сегіз жауапкердің арасында компания кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусінов бар.

Аштық акциясын заңсыз деп тану және компания ғимаратын наразы мұнайшылардан босату туралы арызын ОСС басшылығы сотқа жақын күндері өткізген. Компания акцияның рұқсаты жоқ деп есептейді. ОСС басшылығының мәліметі бойынша, апта басынан бері Ақтаудағы ғимаратта ашығып жатқандар саны 290 адамнан асқан.

Бұған қоса сот жауапкерден 10 АЕК (2 мың 269 теңге) көлемінде мемлекеттік баж салығын өндіруді міндеттеді.

Мұнайшылардың тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясын тіркеу талабына қатысты наразылық акциясы 5 қаңтардан бері жалғасып келеді. Осы аптада аштыққа қосылған мұнайшылар көбейді. Сот шешіміне бір ай көлемінде шағымдануға болады.

Нефтяники требуют приезда депутатов
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:33 0:00

XS
SM
MD
LG