Ссылки доступа

Тәжікстанда бір жылда 36 терактінің алдын алған


2016 жылы Тәжікстанда 36 террористік актінің алдын алып, шабуылға дайындалған 50 адам ұсталған. Бұл жөнінде 20 қаңтарда баспасөз мәслихатын өткізген Тәжікстанның ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода мәлімдеді.

Министрдің сөздерінше, террористердің құрбаны жекелеген лауазымды тұлғалар болу керек деп жоспарланған екен.

Ұсталғандардың бәрі «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына кірген. Тұтастай алғанда өткен жылы 34 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттері әшкереленіп, қылмыс әлемінің 169 адамы ұсталды дейді ішкі істер министрі.

Рахимзоданың сөздерінше, кейбір аймақтарда террористік топтардан қауіп болғанымен, қазіргі уақытта тәжік-ауған шекарасындағы жағдай тұрақты. «Террористік топ өкілдері Тәжікстанға кіріп кетпес үшін, ауған қауіпсіздік күштерімен жағдайда бақылап отырмыз», - деп атап өтті министр.

Ол Ауғанстандағы ИМ құрамына кірген тәжіктердің нақты санын білмейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG