Ссылки доступа

Азия даму банкі Орталық Азия энергетикалық жүйесін қалпына келтіруге шақырды


Азия даму банкі Орталық Азия елдеріне бірыңғай энергетикалық жүйені қалпына келтіруге шақырды. Аймақтағы бұл жүйе совет үкіметі кезінде салынған еді. Ол көрші елдерді электр қуатын бірге пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл мәселені 2014 жылдан бері аймақтағы үш мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан талқылап келеді, олар Өзбекстанның қатысуынсыз бірыңғай электр жүйесін қалпына келтіруге тырысты.

2009 жылы Ташкент Орталық Азияның біріккен энергия жүйесінен шығып кетті, ал Тәжікстан электр қуатының тапшылығымен жалғыз өзі күресіп отыр.

АДБ Тәжікстанға аймақтық маңызы бар жаңа электр желілерін салуды ұсынды. Сол арқылы ол Ауғанстан және Түркіменстанмен электр қуатын алмаса алады.

Бұл уақытта, 2016 жылы Тәжікстан мен Қырғызстан CASA-1000 ауқымды жобасын жүзеге асыра бастады, соның аясында 1,3 мың шақырымдық электр тарату желісі салынады.

XS
SM
MD
LG