Ссылки доступа

Женевада Сирия жөніндегі келіссөздерге қатысушылар БҰҰ өкілімен кездесті


Стаффан де Мистура (Женева, 22 февраля 2017 года)
Стаффан де Мистура (Женева, 22 февраля 2017 года)

Женевада БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистураның Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздерге қатысушылармен жекелеген кездесулері өтіп жатыр. Ол Дамаскінің арнайы өкілі Башар әл-Джаафари мен сириялық оппозиция атынан келіссөздерге қатысушы Наср әл-Хариримен кездесті.

Жүздесулерде Сирия үкіметінің болашақ форматы, жаңа Конституция жобасы және БҰҰ бақылауымен сайлау өткізу мәселелері талқыланды.

Де Мистура сириялық түрлі оппозициялық топтарды бір делегацияға біріктіре ала ма деген журналистер сұрағына жауап бермеді.

Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің алғашқы раунды 2016 жылдың сәуірінде өтті.

Күн тәртібінде жағдайды саяси реттеу мәселелері ғана қалды, өйткені әскери жағы Астанадағы кездесулерде талқыланып жатыр. Қазақстан астанасындағы кездесулер Ресей, Түркия және Иран бастамасымен өткізіліп келеді.

Сириядағы азаматтық соғыс 2011 жылдың наурызынан бері жалғасып келеді. БҰҰ мәліметі бойынша, соғыста 300 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG