Ссылки доступа

Ресми нұсқаулықтың бұзылуы Душанбе-Ташкент рейсінің ұшпай қалуына себеп болған


«Узбекистон хаво йуллари» компаниясы «Сомон Эйр» компаниясының Ташкентке ұшатын рейсін қабылдамауының себебі тәжік әуе компаниясы ресми нұсқаулықты орындамады деп түсіндірді. Бұл жөнінде өзбек әуе компаниясының ресми сайтында жарияланған.

«Ережеге сәйкес, шетелдік компаниялар «Узбекистон хаво йуллари» әуе компаниясына Өзбекстанға тұрақты рейс ұшыру жөніндегі құжаттарды 30 күн бұрын беруге тиіс», - делінген хабарламада.

20 ақпанда соңғы 25 жылда Душанбе-Ташкент бағытында бірінші рейс ұшу керек болған. Бірақ рейс ұшудан бірнеше сағат бұрын «Сомон Эйр» әуе компаниясы өзбек тарабы Ташкент ұшақты қабылдауға рұқсат бермеді деп хабарлады. Бірінші тұрақты рейспен өзбек астанасына 26 жолаушы ұшу керек болған.

Кейін «Сомон Эйр» әуе компаниясы басшылығы бұл мәселені зерттеп, құжаттар дер кезінде өзбек тарапына жіберілмегенін анықтап, коммерциялық директор Алишер Рустамовтан бастап жауапты қызметкерлерді жұмыстан шеттеткен.

Алайда 23 ақпанда да рейс ұшпады. Бұл жолы өзбек әуе компаниясы «Сомон Эйр» әуе компаниясының тұрақты рейс ұшыру туралы өтініші қаралып жатыр деп жауап берген.

XS
SM
MD
LG