Ссылки доступа

Шешенстанның әскери бөлімшесіне жасалған шабуылдан 6 сарбаз қаза тапты


Жұмаға қараған түні Шешенстанның Росгвардия әскери бөлімшесіне жасалған шабуылдан алты жауынгер қаза тапқан. Бұл жөнінде Интерфакс хабарлайды.

Осыған дейін ТАСС дереккөзі қарулы топ Росгвардия әскери бөлімшенің аумағына басып кірмек болды деп хабарлаған. Шабуылға сегіз адам қатысқан. Алтауы өлтірілген, екеуі жасырынып үлгерген. Бұл мәліметті Ресейдің террорға қарсы ұлттық комитеті растаған.

Шабуылдаушылар Росгвардия офицерлерінің жатақханасына басып кірмек болған.

Аумаққа төтенше жағдай енгізілген. Шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім алмады.

XS
SM
MD
LG