Ссылки доступа

Қазақстанда жол белсендісі Руслан Жанпейісов екі айға қамауға алынды


Шымкент қаласында азаматтық белсенді, жол полициясы қызметкерлерінің заң бұзушылықтарын видеоға түсіріп, жариялап келген Руслан Жанпейісовке қарсы бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Апта басында «Автомобильшілерге жәрдемдесу қоғамы» (АЖҚ) жетекшісі Руслан Лазута өзінің бейнеүндеуінде АЖҚ-ның бұрынғы белсендісі Руслан Жанпеиісовке "пара алмақ болды" деген айып тағылып жатыр деп мәлімдеген. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова Жанпеиісовтің өткен аптада ұсталғанын, Абай аудандық соты оны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарғанын хабарлаған.

Онда 1980 жылы туған күдікті полиция қызметкерлерінен ақша алып, бопсалау мақсатында интернетке түрлі видео материалдар жариялайды деген ақпарат түскеннен кейін ұсталған делінген.

Полиция таратқан ақпаратта сонымен бірге күдіктінің «50 мың теңге пара алып тұрған жерінде ұсталғаны» жазылған.

XS
SM
MD
LG