Ссылки доступа

IFEX Назарбаевтан журналист Мамайды қудалауды доғаруын сұрады


IFEX - сөз еркіндігін қорғау және насихаттауға арналған ұйымдардың халықаралық желісі қазақ журналисі Жанболат Мамайдың қамауға алынуы мен қудалануына алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған ашық үндеуінде IFEX журналист Мамайдың Алматыдағы тергеу абақтысында соққыға жығылғаны туралы мәлімдемесін тергеуге кеңес берді. Бұған қоса ұйым журналисті қудалауды доғаруды, әділ сот процесін қамтамасыз етуді талап етті. IFEX Мамайдың және оның отбасының қауіпсіздігіне кепілдік беруін сұрады.

Мәлімдемеге 29 адам құқығын қорғаушы ұйым қол қойды, солардың ішінде алматылық "Әділ сөз", "Артикль 19", Журналистерді қорғау комитеті, Цензура индексі және басқалары бар.

"Саяси қалам. Трибуна" газетінің редакторы Жанболат Мамай ақпанның ортасынан бері қамауда отыр. Оған БТА банктің бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов "ұрлады" делінген қаражаттын заңдастырумен айналысты деген айып тағылған. Мамай бұл айыптарды жоққа шығарды. 2009 жылдан бері Еуропада тұратын оппозициялық саясаткер Әблязов айыптауларды "абсурд" деп атап, Мамаймен ешқашан кездеспегенін мәлімдеді.

Ақпан айының соңында Мамай адвокаты Жанар Балғабаеваға абақтыда соққыға жығылғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG