Ссылки доступа

Тәжікстанда әскерде баламалы қызмет ету түрін қарастырып жатыр


Тәжікстанның қорғаныс министрлігі парламент мүшелеріне әскерде баламалы қызмет ету жөніндегі заң жобасын таныстырды. Министр Шерали Мирзоның айтуынша, аталған заң жобасы қабылданған жағдайда, оны жүзеге асыру үшін мемлекеттен қомақты қаражат керек.

Заң жобасын талқылау барысында депутат Абдухалим Гаффоров әскерде қызмет еткісі келмейтін жастарға айыппұл төлету туралы арнайы бап енізу қажет дейді. Ол сонымен бірге қызметті екі жылдан бір жылға қысқартуды ұсынды.

Баламалы қызмет деген бұл қоғамға пайдасын тигізетін еңбектің бір түрі. Егер азаматтың діни, философиялық, моралдық-этникалық көзқарасы әскерде қызмет етуге қарсы болса, оның басқа қоғамдық жұмысты таңдауға құқығы бар. Әскерге барудан бас тартқан азамат белгілі бір уақыт бойында мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Айлығының жартысын қорғаныс министрлігіне аударып отырады.

Тәжікстанда жылына екі рет – көктемде және күзде 18- 27 жас аралығындағы азаматтарды әскерге қызмет етуге шақырады.

XS
SM
MD
LG