Армян үкімет басшысы Тавуш облысындағы шекара ауылы тұрғындарымен кездескен уақытта Әзербайжанмен арадағы шекараны шегендеу басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.
Қырғызстан үкіметі 2024 жылдың мамырынан бастап электр энергиясы тарифтерін көтеруді үсынып отыр. Үкімет қаулысының жобасы қоғам талқылау үшін жарияланды.
Құрама Штаттарда Өзбекстаннан көшіп келген бір ер азамат бұрынғы әйелін атып өлтіріп, одан соң өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы The Philadelphia Inquirer хабарлады.
Өзбекстан мен Ауғанстан шекарасында ауған әскери тікұшағы атып түсірілді деген мәлімет жалған. 18 наурызда Өзбекстан қорғаныс министрлігінің лауазым иелері осындай мәлімет таратты.
Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы 18 наурызда қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратовты қамауда ұстау мерзімін бір жылға ұзарту туралы қаулы шығарып, сотқа жіберді. Бұл жөнінде Азаттыққа белсендінің әпкесі Фариза Нарбекова хабарлады.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Уральские авиалиний» әуе компаниясының Мәскеу-Куляб рейсінде бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, қайтыс болды.
Қазақстан клиникалық сынақтан әлі өтпеген қытай инсулинін сатып алған. Бқл туралы мәжіліс депутаты Гүлдар Нұрұмова 18 наурызда хабарлады.
Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз.
Солтүстік Корея 2023 жылдан бері Ресейге оқ-дәрі және басқа да әскери заттар бар 7 мыңға жуық контейнер жөнелткен. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Шин Вон Сик мәлімдеді.
Тәжікстанда 2024 жылдағы қажылық сапардың бағасы 57 мың сомони немесе 5 мың доллардан астам деп белгіленді. Бұл туралы елдің Дін істері жөніндегі комитеті мәлімдеді.
Алматының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты жеті жастағы өгей қызын өлтіруге айыпталған қала тұрғынын 20 жылға бас бостандығынан айырды.
18 наурызда түске жақын Өзбекстанның Бұхара облысында оқушылар мінген автобус пен жүк көлігі соғысып, 9 сыныптың бір оқушысы қаза болды.
Загрузить еще