Ссылки доступа

Қытайда су тасқынынан қаза болғандар 33-ке жетті


Қытайдың Хэнань провинциясында су тасқынынан қаза болғандар саны 33-ке жетті, деп хабарлады жергілікті билік. Бұның алдында табиғат апатынан 12 адам қаза болғаны хабарланған. Биліктің мәлімдеуінше, апат аймағында үш миллионнан астам адам қалған.

Провинцияда бір жылдың жауын-шашын мөлшері бірнеше күннің ішінде түскен. Соның салдарынан 10 миллион тұрғыны бар Чжэнчжоу қаласын су басты.

Провинцияданың инфрақұрылымы мен егістіктер бүлінді. Жауын-шашын алты күннен бері толастамай тұр. Соның салдарынан құтқару және тазарту жұмыстарын жүргізу қиын болып жатыр.

Интернетте жарияланған суреттерден жергілікті тұрғындардың ауыр халін, су басқан көшелерді көруге болады. Әлеуметтік желілерде жарияланған бір видео су басқан метрода түсірілген. Вагондағы адамдардың кеудесіне дейін су көтерілген. Құтқарушылар жүздеген жолаушыны алып шықты.

XS
SM
MD
LG