Ссылки доступа

Тәжікстанда Орталықазиялық қор биржасы құрылды (Видео)


Душанбеде тәжік банктері мен ірі компаниялары және әлемдегі жетекші брендтердің акциялары саудаға түсетін Орталықазиялық қор биржасы жұмысын бастады. Таяу бес жылда Тәжікстанда қаржы операциясына қатысушыларды салықтан босататын болады.

Бұл жөнінде Орталықазиялық қор биржасының ашылуы кезінде Тәжікстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саид мәлімдеді. Оның сөзінше, үкіметтің бұл шешімі республикада құнды қағаздар нарығын дамыту мақсатында қабылданған.

Тәжікстан қор биржасын құру үшін 35 миллион сомони (5 миллионнан астам АҚШ доллары) жұмсаған. Орталықазиялық қор биржасының бас директоры Азамат Касымовтың айтуынша, биржа республикаға шетел инвесторларын тарту үшін ашылып отыр.

XS
SM
MD
LG