Ссылки доступа

Қырғызстанда түрмеден қашқандарға қызметкерлер көмектескен деген болжам айтылды


Itibaev Altynbek
Itibaev Altynbek

Қырғызстанның Чуй облысындағы №50 тергеу изоляторынан қашқан тоғыз адам әртүрлі камерада ұсталған. Бұл жөнінде «Кабар» агенттігі Қырғыз үкіметіне қарасты жазаларды атқару мемлекеттік қызметінің басшысы Саламат Абдиевтің сөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, камера есіктері сынбаған. Екі камерадан барлық тұтқындар қашқан. Ал бір камерада тек екі тұтқын ғана қалған. Абдиев сонымен бірге олар түрмеден қашар алдында 30 минуттай электр қуаты болмағанын, соңғы екі аптадай уақыт видео бақылау жүйесі істен шыққанын айтады.

Абдиев олардың қашуына түрме қызметкерлері көмектескен деген болжамды жоққа шығармайды.

Айта кету керек, №50 жазаларды атқару мемлекеттік қызметі түрме режиміндегі тергеу изоляторы жағдайымен тең. Онда өмір бойы түрме жазасына кесілгендер мен қылмыс жасады деп күдіктелгендер отырады.

12 қазанға қараған түнде Қырғызстанның №50 тергеу изоляторынан тоғыз тұтқын қашып кеткен. Оларды ұстау операциясы кезінде үш түрме қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр жараланған. Қашқынның бесеуі ұсталған, төртеуі ізін жасырып үлгерген.

Қашқындардың бәрі қызметіне тыйым салынған «Жайшуль Махди» экстремистік ұйымының мүшелері болған.

XS
SM
MD
LG