«Беларуське демократиялық міндеттемелерді орындау үшін өте ұзақ жол тұрғаны түсінікті», – деді Харстед.
ЕҚЫҰ миссиясының басшысы сайлау кампаниясындағы жақсы үрдістерге қарамастан, үміткерлерге өздерін насихаттауға біркелкі жағдай жасалмағанын айтады. Харстед сонымен бірге дауыстарды санау кезінде ашықтық болмағанына өкініш білдірді.
Беларусьті 21 жыл бойы билеп келе жатқан Александр Лукашенко 11 қазанда өткен президент сайлауында 83,5 процент дауыспен қайта тағына отырды. Президенттікке экс-үміткер Татьяна Короткевич Орталық сайлау комиссияның шешіміне қарсы шағым білдіретінін жеткізді. Ол кемінде 35 пайыз дауыс жинағанын айтады.