Ссылки доступа

Өзбекстан премьер-министрі келе жатыр деген сөз жергілікті шенеуніктерді әбігерге салған


Өзбекстандағы Ферғана облысының әкімдігі аймаққа премьер-министр Шавкат Мирзияев келеді деп тұрғындарға жиналған мақтаны кері қайтарып, оны қауашақтарына қайта жапсыруды тапсырған.

Жергілікті билік осы арқылы «мақта жемісінің бітік шыққанымен» мақтанбақ болған. Алайда үкімет басшысы сол күйі бұл облысқа ат басын тіремеген.

Аз уақыт ішінде премьер-министр келеді деп жол жөнделген. Алқапта таңғажайып күйде ақ мақталар қайда пайда болған. Бұл жөнінде журналистерге жергілікті тұрғындар әңгімелеп берген. Тіптен біреуі, Куштепин ауданындағы алқапта терілген мақтаны қайтадан қауашаққа жапсырып жатқанның куәсі болғанын айтады. Тіптен оны ұялы телефонына түсіріп те үлгерген.

Өзбекстанда жоғары лауазымды тұлғалар ел аралауға шыққан кезде, жергілікті биліктің өзін жақсы көрсету үшін жасанды әрекетке баратыны көптен бері айтылып келеді. Үстіміздегі жылдың наурыз айында ел президенті Ислам Кәрімов Наманган облысына барған кезде, жергілікті халыққа үйлерін жаппай қызыл түске бояп, көше бойларына жасанды гүлдеп тұрған ағашты отырғызуға мәжбүрлеген.

XS
SM
MD
LG