Ссылки доступа

Мәскеуде РФ және Сирия президенттерінің келіссөздері өтті


Сейсенбі, кешке Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асад келіссөз жүргізді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Асадтың Мәскеуге жұмыс сапарымен келгенін хабарлады.

Президенттердің жеке кездесулерінен кейін, Ресейдің жоғарғы билік өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер болған.

Дмитрий Песков мәлімдегендей, Асад Путинге Сириядағы ахуал туралы баяндап, болашақтағы жоспарларымен бөліскен. Кездесу барысында ресейліктердің Сириядағы әскери операциясы, террормен күресу, екі жақты қарым-қатынастың түрлі бағыттары талқыланған.

Қыркүйектің соңғы күндері Ресей Сирияда әскери-әуе операциясын бастаған еді. Кремль мұны «Ислам мемлекеті» террорлық тобының содырларына қарсы қимыл деп түсіндіреді. Алайда, Сирияда терроршыларға қарсы әскери операция жүргізіп жатқан Вашингтон Мәскеудің әуе соққысының басым бөлігі Башар Асад режимімен күресіп жатқан сириялық оппозиция күштеріне қарсы бағытталған деп отыр.

XS
SM
MD
LG