Ссылки доступа

Мемлекеттік департамент: АҚШ Сирияда Ресеймен ықпалдаспайды


Халықаралық коалиция мен Ресей арасындағы ұшақтардың ұшу қауіпсіздігі туралы меморандум Ресей мен коалиция арасындағы ынтымақтастыққа жатпайды. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби осылай мәлімдеді.

Оның айтуынша, меморандум "ортақ мақсатты анықтау, үйлесе жұмыс істеу, ынтымақтасу " дегенді білдірмейді.

Мемлекеттік департамент өкілінің сөзінше, сейсенбіде қол қойылған меморандумның жалғыз мақсаты – ИШИМ топтарына қарсы әуе шабуылдарына қатысып жатқан коалиция ұшқыштарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана.

Құрама Штаттар бұл құжатты сирия дағдарысын саяси жолмен шешу жолындағы маңызды қадам деп санамайды. Вашингтон әлі де ресейліктердің әскери операциясының басты мақсаты Сирияда Башар Асадтың билігін сақтап қалу деп санайды, бұл қақтығысты одан әрі ушықтырады және өңірдегі экстремизмнің асқынуына әкеледі.

XS
SM
MD
LG