Сот кезінде екі тараптың өзара келісімге келуін талқылау үшін журналистерді сот залынан шығып кетуін сұраған. Бұл уақытта таспалар судья Ұлан Есбергеновтің алдына қойылған.
"Сот процесі аяқталған соң диктофонымды алу үшін судьяға бардым. Ол сосын қайтарамыз деп айтты. Мен оған біз қайтуымыз керекпіз дедім. Кейін судьяның хатшысы Диасқа звондадым. Ол өзінің де, судьяның да диктофондардың қайда екенін білмейтінін айтты. Біз іздедік, бірақ сот залынан да таппадық", - дейді журналист Екатерина Тихонова.
Осыдан кейін БАҚ өкілдері полицияға хабарласқан. Полиция келген соң, судья Ұлан Есбергенов келіп, диктофондарды прокурордың алып кеткенін айтқан. Кейінірек, қайтарылған диктофондардан барлық аудиожазбаның өшіріліп тасталғаны анықталған. Үш басылым өкілдері мұны бақылау органдарының кәсіби қызметіне кедергі келтіруі деп құқық қорғау органдарына шағымданды.