Ссылки доступа

Франция Душанбе әуежайынан командалық-диспетчерлік пункт салады


Тәжікстан мен Франция қол қойған ынтымақтастық жөніндегі келісімге сәйкес, франсуз тарабы Душанбе халықаралық әуежайы аумағынан биіктігі 36 метр болатын командалық-диспетчерлік пункт салмақшы.

Тәжікстан көлік министрі Шерали Ганджалзоданың сөзінше, құрылыс нысаны үшін әуежайдан 225 шаршы алаң бөлінген. Ол 15 айда салынып бітуі керек бұл жобаға Франция 3 миллион доллар бөлгенін айтады.

Осыдан бір жыл бұрын Душанбе халықаралық әуежайында Францияның қолдауымен қазіргі заман талабына сай жолаушы терминалы салынып, қолдануға берілген болатын.

XS
SM
MD
LG