Ссылки доступа

Мәскеуде 500-ге жуық мигрант ұсталды


Мәскеу полицейлері қазанның 21-де «Мигрант-2015» шарасы кезінде жақын шетелдерден келген бес жүзге жуық жұмысшыны ұстады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

ІІМ Мәскеу қаласы бойынша басқармасы баспасөз қызметінің бастығы Андрей Галиакберов ұсталғандардың бәрінің Ресей аумағына келуінің заңдылығы және астанадағы қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілетінін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарындағы дерек көзі ТАСС тілшісіне жұмысшыларды Заречная көшесінде салынып жатқан «Фили Град» тұрғын үй кешені құрылысының аумағында ұстағандарын хабарлаған.

Бұған дейін ІІМ Мәскеу қаласы бойынша басқармасы баспасөз қызметінің бастығы қалада «бірнеше мәрте әйелдерге шабуыл жасады» деген күдікпен ұсталған Тәжікстанның екі азаматы дәл осы құрылыс алаңында тұрып, жұмыс істеді деген еді.

XS
SM
MD
LG