Ссылки доступа

Тбилисидің жеке«Түркіменстаны» пайда болды


Грузия астанасында, қазанның 21-і күні «Түркіменстан» дүкені ашылды. Ашылу салтанатына Түркіменстанның Грузиядағы елшісі, түркімен бизнес өкілдері, Тбилиси қалалық әкімшілігінің басшылары, сыртқы істер министрлігінің өкілдері және грузин компанияларының өкілдері қатысты.

Жаңа дүкеннің жанында Түркіменстан кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері Одағы жәрмеңке ұйымдастырды. Turkmenistan.Ru хабарлауынша жәрмеңкеден тоқыма бұйымдарын, кілемдер мен қолөнер заттарын, ұлттық кәдесыйлар сатып алуға болады.

XS
SM
MD
LG