ОББ мұндай әрекеттерді «қылмыстық» деп атап, Бреннандар отбасын жәбірленушілер қатарына қосты.
Құпия қызметтік және коммерциялық мәліметтерді жария етумен айналысатын WikiLeaks сайты қазанның21-і күні хакерлер ұрлаған ОББ директоры Джон Бреннанға қатысты жеке мәліметтерді жариялаған еді.
Барлық ақпарат Бреннан Обаманың әкімшілігіне қызметке келгенге дейінгі мерзімді қамтиды және мемлекеттік құпия саналмайды. Сайтта жарияланған деректердің ішінде оның дербес салық төлеуші нөмірі, төлқұжат нөмірі, жақындары мен таныстарының мекенжайы бар.
WikiLeaks сайтындағы құжаттардың ішінде Бреннанның 2009 жылы жаңадан сайланған президент Обамаға жолдаған Иран бойынша сараптамалық анықтамасы бар. Хакерлер Бреннанның электронды поштасын өткен аптада бұзғандарын және алдағы уақытта WikiLeaks бетінде сол жерден алған АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы саясаты туралы қосымша деректерді жариялауға уәде етуде.