Алайда жергілікті әскери комиссариат оны әскерге шақыру кезінде өздерінің қызметкерлері болмағанын, онымен жергілікті билік айналысқанын айтады. Акмал Шамсовтың атасы Саидахмад Шамсов Озоди радиосына (Тәжік қызметі) берген сұхбатында 21 қазан күні сағат үштер шамасында әскери комиссариаттың қызметкерлері немересін мектептің жанында ұрып-соққан. Ал Акмалдың өзі туғаннан психикалық ауруға шалдыққан. Оның қолында әскерге жарамсыз деген де қағаз бар дейді.
Өз кезегінде Бури Вохидова атындағы аурухананың нейрохирургия бөлімінің қызметкері Абдулло Зикруллоев Озоди радиосына Акмалдың басынан соққы алғанын, нәтижесінде миынан қан кеткенін растайды.
Бір апта бұрын Тәжікстанның қорғаныс министрлігі күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде өздеріне азаматтардан екі шағым түскенін хабарлаған болатын.