Әлеуметтік даму министрі Кудайберген Базарбаев балаларға арналған сенім телефоны оларды зорлық-зомбылықтан, ең сәтке түсіп қалған жағдайдан шығу үшін көмектеседі дейді.
"Енді тәулік бойында 111 телефонына қоңырау шалып, балаларға психологиялық көмек не болмаса баланың құқығы бұзылып жатқандығы жөнінде ақпарат беруге болады",- деп атап өтті министр.
ЮНИСЕФ-тің Қырғызстандағы өкілі Юкиэ Мокуо сенім телефонының тиімді екенін айтады. Оның сөзінше, қазір қызмет көрсету сапасына аса мән беріліп отыр.