Ссылки доступа

Токаев: Украинадағы шиеленіс "тоңазып" қалуы мүмкін


Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның шығысындағы шиеленіс "тоңазып" қалған санатқа енуі мүмкін деген қаупін білдірді деп елдегі ақпарат агенттіктері хабарлайды.

Ол жұма күні Астанада өткен Хельсинки қорытынды актісі (1975) мен Астанадағы Саммит (2010) мерейтойына арналған "ЕҚЫҰ-ның жетістіктері мен шақыруы" деп аталатын конференцияға қатысып, украиндық дағдарыс қауіпсіздік жүйесінің барлық тәсілдерін "жалаңаштап" тастады деді.

Сенат төрағасының мәлімдеуінше, постсоветтік елдерде бастапқыда "тоңазып" қалған, кейін ұзаққа созылып кеткен кикілжіңдер бар. Ол Украина мәселесі шиеленістің алдында көп уақыт бұрын туындаған мәселе болатын дейді. Бұл проблема енді тіптен "тоңазып" тұралап қалуы мүмкін деп қаупін де жеткізді.

2014 жылдың сәуір айынан бері Украина шығысындағы Ресейдің қолдауымен болып жатқан кикілжіңнен 8 мыңнан астам адам қайтыс болды. Батыс Ресейді тұтас мемлекетті екіге бөліп, сепаратистерге қолдау көрсетті деп айыптайды. Ал Мәскеу болса, мұны жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG