Ссылки доступа

HRW: Сириядағы ресейлік әуе соққының құрбандары 60-қа жуық болды


Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресейді Сириядағы соғыс тәртібін бұзып, 60 бейбіт тұрғынның (оның тең жартысы сәбилер) өліміне себепші болды деп айыптайды. Халықаралық ұйым бұл мәлімдемесін өткен жексенбі күні жариялады.

HRW мәліметінше, 15 қазанда Хомс қаласында ресейлік авиация бейбіт тұрғындарға қарсы кемінде екі соққы жасаған. Осыған байланысты HRW тергеу жүргізуге шақырады.

Жұма күні Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығының басшысы Рами Абдель Рахман ресейлік әуе соққыдан 150 қарусыз адамның қайтыс болғанын айтты. Бақылаушылар сонымен бірге сол кезде "Ислам мемлекеті" және "Әл-Каиданың" құрамына кіретін "Ән-Нусраның" жүздеген содырлары мерт болды деп хабарлады.

Алдын НАТО кеңесі Ресейге "сириялық оппозиция мен бейбіт тұрғынға қарсы шабуылды тоқтатыңдар" деп мәселе қойған болатын. Кремль болса, тек ғана "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының нысандарына ғана шабуылдап жатқандарын айтады.

XS
SM
MD
LG