"Азаттықтың" қырғыз қызметінің тілшісі хабарлағандай Бішкекте №1 тергеу абақтысының алдында 50-ге жуық адам жиналған.
Еске сала кетейік, 12 қазанда Шу облысындағы тергеу абақтысынан тоғыз тұтқын қашқан болатын. Оларды ұстау барысында түрменің төрт қызметкері қайтыс болды. Құқық қорғау органдары қашқынның бесеуін дер кезінде ұстаса, төртеуі жасырынып үлгерген. 16 -20 қазан аралығында қашқан екеуі арнайы операция кезінде мерт болса, Эдиль Абдрахманов 22 қазанда қолға түскен.
Осылайша, қашқандардың үшеуі (Азамат Мусуралиев, Данияр Кадыралиев және Алтынбек Итибаев) қайтыс болып, біреуі (Эдиль Абдрахманов) ұсталды.
Мұнан бөлек, 20 мен 21 қазанда ұсталған бесеудің үшеуі абақтыда көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімдерінің себебі жүрек және тыныс алу жетіспеушілігінен болған.