Сонымен бірге басылымның ақпарат көзі Ресей шұғыл түрде зымырандарды Сириядағы Тартус әскери базасына жеткізу үшін Түркиядан сегіз көлік кемесін сатып алған.
Сонымен бірге журнал Сириядағы әскери базада қосымша Севастопольден келген теңіз жаяу әскері бар екенін, олар соғысқа аттанбай, тек базаны күзетіп жатқанын айтады.
Ресей 30 қыркүйектен бері Сирияда әскери операциясын бастады. Ресми емес мәлімет бойынша, ресейлік ұшақтар 800 нысанды жойған.
Мәскеу өздерінің әскери операциясы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына бағытталған деп бәрнеше рет мәлімдеді. Алайда батыс мемлекеттері Ресейді Сирияның қазіргі Асад режимін нығайтуды мақсат етіп отыр деп айыптайды.