Ссылки доступа

Ресей: Біз Сириядағы көтерілісшілермен байланыстамыз


Ресей ішкі істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Сириядағы батыс қолдайтын көтерілісшілермен байланыстамыз деп мәлімдеді. «Бірі келеді, бірі кетеді. Олардың барлығы Сирияның азат әскеріненбіз дейді», - деп ол Башар Асадтың оппоненттерінен тұратын делегацияның Мәскеуге келіп кеткенін растай отырып.

Осының алдында Сирияның азат әскерінің оңтүстік майдан шебінің баспасөз хатшысы Исса аль-Реиз Кремль Сирияны атқылаудан бас тартпайынша, олардан түсетін кез келген ұсынысты қабылдамаймыз деп мәлімдеген болатын. Өткен аптада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия президенті Башар Асадтқа қарсы оппозицияға «Ислам мемлекеті» тобына қарсы күресте қолдау білдіруге дайын екенін жеткізген болатын.

Ресей Сирияда әскери операциясын 30 қыркүйекте бастады. Олар шабуылдарын «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына бағытталған дейді. Алайда батыс Кремльді Башар Асад режиміне қолдау білдіріп отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG