Ссылки доступа

Оңтүстік Азияда жер сілкінісінен 60 адам қаза тапты (Видео)


Пәкістанда, Үндістанда және Ауғанстанда 7,7 баллдық зілзала орын алды. Кемінде 60 адам қайтыс болып, жүздеген адам жараланған. Жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан территориясындағы Гиндукуш аймағында болған.

Қырғызстанда 26 қазанда сағат 15.09 шамасында жер сілкінді деп хабарлады республиканың сейсмология институты. Ошта 4 балл, Бішкекте – 3 балл, Нарында – 3 балл орын алған.

Тәжікстанда Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 5-6 баллдық жер дүмпіген. Әзірге бүлінген жөнінде ақпарат жоқ деп хабарлайды Азаттықтың тәжік қызметі.

Пәкістанда жер сілкінісі салдарынан 50-ге жуық адам қайтыс болып, ондаған адам жараланған.

Сонымен бірге Ауғанстанда 17 адамның өлімі жайында, оның ішінде Талукан қаласындағы мектептегі байбаламнан болған қысым кезінде 12 қыздың мерт болғаны жайында хабарланады.

XS
SM
MD
LG