Ссылки доступа

Кабиридің үлкен ұлын содырларды қаржыландырды деп айыптады


Тәжікстан билігі Ислам қайта өрлеу партиясының лидері Мухиддин Кабиридің ұлы Рухулло Тиллозоданы әкесінің тапсырмасымен генерал Абдухалим Назарзодаға 1,2 миллион доллар берді деп айыптайды.

Бұл қаражат Душанбедегі милиция бекеттеріне шабуыл жасау үшін жұмсалған делінеді. Бұл жөнінде Тәжікстанның мемлекеттік телеарнасында істің куәгерлері ретінде Джамшед Нарзуллоев, Махмадали Рахматуллоев және Хикматулло Сайфов 1,2 миллион доллардың қалай берілгені жөнінде баяндап береді. Соңғысы Кабиридің жеке жүргізушісі ретінде таныстырылған.

Телебағдарламаны құқық қорғау органдарының өкілдері 4 қыркүйекте жоғарыдағы ұйымдасқан қылмыстың нәтижесі орын алды деп түйіндеді.

16 қазаннан бері партияның кемінде 23 мүшесі тұтқындалған. Алайда үстіміздегі жылдың наурыз айында өткен парламент сайлауынан кейін, елден кеткен Ислам қайта өрлеу партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири өзіне тағылған айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG