Ссылки доступа

Содырлар Пальмирадағы көне үш бағанды жарып жіберді


«Ислам мемлекеті» террорлық тобының мүшелері Сирияның Пальмира қаласындағы ежелгі үш бағанды жарған.

Кей дерекке қарағанда, содырлар көне жәдігерлерді бағандарға байланған үш адаммен қоса жарып жіберген. Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясының басшысы Рами Абдель Рахман хабарлаған.

Жергілікті белсенділер «Ислам мемлекетінің» содырлары осылайша БАҚ назарын аударуға тырысып отыр деп санайды.

Қазанның басында терроршылар Пальмирадағы Ежелгі Римнің Салтанат аркасын жарған еді. Пальмира мамыр айында «Ислам мемлекетінің» қолына өткелі бері, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген бірнеше ескерткіш қиратылды, сонымен бірге қаланың сәулет ескерткіштерінің сақтаушысы 82 жастағы Халед Асад содырлар қолынан қаза тапты.

XS
SM
MD
LG