Ресей Савченконы екі ресейлік журналистің өліміне кінәлі деп айыптайды. Дүйсенбі күнгі отырыста айыптау тарабының куәлары, оның ішінде Бірінші арна мен бүкілресейлік мемлекеттік телерадиокешеннің қызметкерлерінің сөзі тыңдалды. Бірақ сот адвокаттардың қорғаушы тараптың жалғыз куәгері Надежда Савченконың сіңлісі — Вераны кезектен тыс жауап алуға шақыру туралы өтінішін қабылдамады. Вера Савченкоға бұған дейін Ресей аумағына келуге тиым салынған.
Айыптаушы тараптың куәларынан жауап алу кезінде Савченконың адвокаттары Донбасста қаза тапқан журналистердің Украина аумағында жұмыс істеуге рұқсаты, «БАҚ» деген жазуы бар айыру белгілерінің болмағанын, тек «Россия-1» арнасының логотипі бар микрофондармен жүргенін анықтады. Куәлардың сөзінен кейін Савченко ресейлік журналистерді қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен «әдемі көріністерге бола өлімге» айдағанына назар аударды. Украин әскери қызметкерінің ісі бойынша келесі сот отырысы қазанның 28-не белгіленді.