Ссылки доступа

Өзбекстанда электр қуатының жоқтығына шағымданған мектеп мұғалімі қамалды


Өзбекстанның Әндіжан облысы Айым ауылындағы мектеп мұғалімі Мухаммадризо Эргашев электр қуатының шектелуіне байланысты шағымданғаны үшін 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы «Озодлик»(«Азаттық» радиосының өзбек редакциясы) хабарлады.

20-жастағы Эргашевтің сөзінше, қазанның 19-да ол Әндіжандағы аумақтық электр желілері кәсіпорнына электр қуатын шектегеніне наразылық білдіріп шағымданады. Бұған жауап ретінде милиция жас жігітті бес күнге ас-су берместен абақтыға жауып тастаған. Электр желілерінің өкілі Эргашевтің сөзін жоққа шығаруда.

Бұдан бөлек, «Озодлик» тілшісі Әндіжан облыстық ішкі істер басқармасынан да жауап ала алмаған. Өзбек БАҚ хабарлауынша, соңғы бірнеше жылдан бері Өзбекстан ауылдарында электр қуаты тәулігіне 2-3 сағатқа ғана беріледі.

XS
SM
MD
LG