Ссылки доступа

Керри Орталық Азияға бірінші рет ресми сапармен бармақшы


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри таяу күндері Орталық Азияға барып, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан елдеріне ат басын тіремекші.

Ол 30 қазанда Венада өтетін Сирияға қатысты келіссөзден кейін, бірден Орталық Азияға қарай бет бұрмақ. Бұл АҚШ мемлекеттік хатшысының бес аймаққа жасайтын алғашқы сапары болмақшы.

Бішкекте ол Орталық Азиядағы Америкалық университеттің жаңа кампусы мен Қырғызстандағы Америкалық елшіліктің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысады деп күтіледі. Ол сонымен бірге Самарқандта болып, орталықазиялық елдері сыртқы істер министрлерінің форумына қатыспақшы. Бұл Вашингтонның бес аймаққа арналған жаңа форматтағы диалогының бастамасы болмақ.

Джон Керри Астанада «АҚШ Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік» аясында өтетін кездесуге қатысып, Назарбаев университетінде лекция оқымақшы. Ол сонымен бірге Ашхабад, Душанбеге де барады.

XS
SM
MD
LG