Оның сөзінше, бұған себеп 2015 жылы бюджеттің сақтық қоры екі есеге қысқаруы. Егер келесі жылы да дәл осылай жұмсала берсе, онда ресурстан түк қалмайды деп ескертті қаржы министрі.
Федерация кеңесінде экономикалық даму вице-министрі Алексей Ведев те Ресейдің экономикалық жағдайы күрт төмендеуі мүмкін деді.
Ол сонымен бірге 2016 жылы мұнасы бағасының түсуі жалғаса беретінін айтып, бұл төмен баға 2018 жылға дейін сақталатынын әрі бұл жағдайда Ресей экономикасын қайта көтеруге 2020 жылға дейін мүмкін болмайтынын ескертті.