– Өзбекстан шекарашылары әлі күнге дейін жараланған қырғыз азаматына қатысты оқиғаны толыққанды жеткізген жоқ. Олар тек жаралы қырғыз азаматы Касансай қаласының ауруханасында емделіп жатқанын хабарлады. Оның жарақатының қандай деңгейде екендігінен де хабарсызбыз. Тек өзбек шекарашылары ауруханадан қалай шығады, солай еліне жіберіледі,-деп айтты дейді Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің өкілі Гүлмира Борубаева.
Соңғы кезде екі ел шекарасында заңсыз валюта алып өту оқиғасы да жиілеп кеткен. Мұны Гүлмира Борубаева Өзбекстаннан валютаны заңды түрде шығару қиын болғандықтан Қытай, Түркияға қатынайтын өзбек саудагерлері Қырғызстан арқылы ақшаларын заңсыз шығаруға талпынады деп түсіндіреді.