Оның сөзінше, тікелей әуе рейстің ашылуы Қырғызстан мен Украина арасындағы қарым-қатынасты тереңдете түсетін болады.
Дорошенко украин кәсіпкерлері Қырғызстанмен әріптестік орнатуға қызығушылық білдіретінін айтты.
«Украина ГЭС үшін құрал-жабдықтар жеткізуге, ауыл шаруашылығы, көлік, фармацевтика, металлургия саласында келіссөзге келуге дайын», - деді елші.
Вице-премьер Валерий Диль өз кезегінде екі тарап алдымен пилоттық жобаны жүзеге асыру керектігін атап өтті.