Алдын бұл қылмыстық істе Караулова куәгер ретінде қатысқан. Негізгі фигуранттар оны арбаған адамдар болған. Алайда өткен сейсенбі күні студент қыздан сұрау алу барысында және пәтерін тексеру барысында ол тыйым салынған ұйым мүшелерімен байланысын жалғастырған.
ММУ-дің философия факультетінің студенті мамыр айының соңында жоғалып кеткен. Маусым айының басында ол түрік-сирия шекарасын кесіп өтпек болған кезде 13 ресейлік азаматпен бірге ұсталған. Осыдан кейін Караулованы үгіттеушілер Шешенстанда қолға түсті деп хабарланды. Алайда ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.