Ссылки доступа

Қырымда Құранды жедел оқытуға ұсыныс жасалды


Симферопольдегі қырым татарлары тұратын шағын ауданда Құранды және ерлерге арналған исламның негізін жедел түрде оқуға арналған жоба дайындалу үстінде. Бұл жөнінде Қырым мұсылмандары рухани басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«2 қарашадан бастап Симферополь қаласындағы мешітте Құранды жедел оқыту үшін жаңа жоба жұмысын бастайды. Сабақ әр дүйсенбі күні кешкі намаздан кейін болады. Жас айырмашылығына шектеу қойылмайды», – делінген хабарламада.

Мешіттің имамы, тәлімгер Артур Решитов бағдарлама екі айға арналғанын, осы аралықта ер адамдар Құранның негізін біліп, намаз оқуға үйренетінін айтты. Бұл мешітте сонымен бірге әйелдерге арналған да курс бар екен.

Құран–мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құран деген сөз араб тілінен «дауыстап оқу», «ғибрат» дегенді білдіреді. Исламға сәйкес, Құран сөздерін Алла атымен Мұхаммед пайғамбар жеткізген.

XS
SM
MD
LG