Ссылки доступа

Мәскеуде Украин әдебиеті кітапханасының директоры ұсталды


Мәскеуде 47 сағаттық сұраудан кейін Украин әдебиеті кітапханасының директоры Наталья Шарина тұтқындалған.

ТАСС құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, сәрсенбі күні кітапханаға жасалған тексеру барысында орыс ұлтына қарсы ақпараттар бар басылымдар тапқаны жөнінде хабарлайды. Әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілмеді.

Сәрсенбі күні Наталья Шаринаның үйін және Ресейдегі украин бірлестігінің төрағасы Валерия Семененконың пәтеріне тінту жүргізгендігі жөнінде айтылды. Олардың сөздерінше, үйлерінен барлық электрондық құралдарды, газет, журнал, кітаптарды тәркілеген.

Құран–мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құран деген сөз араб тілінен «дауыстап оқу», «ғибрат» дегенді білдіреді. Исламға сәйкес, Құран сөздерін Алла атымен Мұхаммед пайғамбар жеткізген.

XS
SM
MD
LG